Бекзат Қазиұлы Сарманов
Бекзат Қазиұлы Сарманов 1963 жылы 26 қаңтарда Омбы қаласында туған.
Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясының жалпы құрылыс факультетін «Өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1999 жылы «Элитқұрылыс» ЖШС бас директоры.
2007 жылы «Элитқұрылысгрупп» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы.
2005-2008 жылдары Қазақстан Күрес ассоциациясының президенті.
2010 жылы Күрес федерациясының Құрметті президенті, ҚР Күрес федерациясы атқару комитетінің мүшесі.
2007 жылы «FILA» Сенаторлық клубының мүшесі, Қазақстан Қала құрылысы одағының Қүрметті мүшесі.
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Цурцумиа Георгийді дайындауға қатысқан.
Грек-рим күресінен Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2004).
Қазақстанның Құрметті құрылысшысы. (2007).
2003 жылы «FILA» алтын орденімен, 2002 жылы Астана қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Жұбайы - Сарманова Нұрсұлу Қалиханқызы (1962 жылы туған). Ұлдары - Абай (1992 жылы туған), Әнуар (1993 жылы туған).