Бекболат Қанайұлы Тілеухан 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын және аспирантурасын тәмамдаған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, доцент.
1992-2001 жылдары - Алматы консерваториясының оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі. 1996-1997 жылдары - Республикалық гвардия жанындағы Президент оркестрі фольклорлық ансамблінің жетекшісі. 1997-2001 жылдары - Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және қоғамдық келісім вице-министрі. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі. 2004-2007 жылдары - «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-шақырылымдағы депутаты болды. Қазір Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті.
«Парасат» орденімен марапатталған. ҚР «Дарын» мемлекеттік сыйлығының және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тәуелсіздік толғауы» ІІ Республикалық конкурсының «Айналайын, Азатым!» шығармасы үшін (Ерік Асқаровпен бірге) «Таңдаулы опералық шығарма» аталымындағы лауреаты. Халық әншілігі және орындау шеберлігі проблемалары бойынша бірнеше ғылыми еңбектері бар.
Мемлекет бюасшысы Н.Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндер, көркем фильмдер музыкасының авторы.
Бекболат Қанайұлы Тілеухан
Последние статьи автора