Бекбол Ұбайдоллаұлы Сағын
Бекбол Ұбайдоллаұлы Сағын 1972 жылы 13 қазанда дүниеге келген. 1993 жылы Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша және 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университеті «заңтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1993-1998 жылдары Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қаржы бақылау басқармасында басталды. 1998 – 2003 жылдары Ақтөбе облысы бойынша салық комитетінде одан кейін Ақтөбе облысы Мортық ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2003-2004 жылдары Ақтөбе облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары. 02.2004-08.2004 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары. 09.2004-11.2007 жылдары Астана қаласы Білім департаменті директорының орынбасары. 09.2007-07.2010 жылдары Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары, кейіннен басқарма бастығы. 07.2010- 09.07.2013 жылдары Астана қаласы Қаржы басқармасының басшысы. 2013 жылдың шілде айынан бастап Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі.