Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев 1957 жылы 5 ақпанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия Халықаралық Экономикалық академиясының академигі.
2000 жылдан бастап – ҚР Президенті Әкімшілігінің білім және ғылым секторының меңгерушісі, 2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы кеңесшісі, 2006 жылы – Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2008 жылдан бастап – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры қызметтерін атқарды. Б.Мамраев, сонымен қатар, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңесінің және бірнеше ғылыми басылымдардың әдебиет және фольклор мәселелері жөніндегі редакция алқасының мүшесі. Көптеген шетел университеттері мен ғылыми ұйымдарда дәрістер оқыған.
2012 жылдан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры.