Бауыржан Өміржанұлы Жақып

Бауыржан Өміржанұлы Жақып 1963 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Аққора ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1985 жылы бітірген. Еңбек жолын Қазақ телевизиясының әдеби-драмалық хабарлар Бас редакциясында бастады. «Жалын» баспасында редактор қызметін атқарды. Қазақ ұлттық университетінде оқытушылықтан (1986) бастап, доцент (1994), журналистік шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасының меңгерушісі (1995), деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары, мерзімді баспасөз кафедрасының меңгерушісі (1999), журналистика факультетінің деканы (2001) қызметтерін атқарған. «Мұхтар Әуезов – публицист» тақырыбында кандидаттық диссертация (1994), «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған (2004). 2009 жылдан «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры – бас редакторы.
Өлеңдері республикалық баспасөз бетінде 1980 жылдан бері жиі жарияланып келеді. Шығармалары «Аудитория» (1984), «Қарлығаш» (1987), «Бір кеменің үстінде» (1987), «Парус времени» (1987), «Баспалдақтар» (1987), «Аралым – арым, Балқашым – бағым» (1988), «Абыралы асулары» (1995) ұжымдық жыр жинақтарына енді. 1984 жылы творчестволық жастардың республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атағы берілді. «Көзімнің нұры» (1990) атты тұңғыш өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының М.Мақатаев атындағы сыйлығының лауреаты атанады. «Ақ лақ» атты балаларға арналған кітабы (1977), «Айдындағы аспан» (1996), «Қолтаңба» (2001), «Уақыт ұршығы» (2004), «Қызыл қайың» (2008) жыр кітаптары жарық көрді. Өлеңдері «Екі мың жылдық дала жыры» атты (2000) таңдаулы жырлар кітабына енді.
В.Костров, А.Сысь, В.Глобус, Қ.Қақалиев, Т.Мендебаев, А.Акбаш, Ли Бай, т.б. ақындарды қазақ тіліне тәржімалаған.
«Мұхтар Әуезов – публицист» (1997), «Ұлы суреткер ұлағаты» (1997), «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» (2004), «Публицистикалық шығармашылық негіздері» (2007) ғылыми монографиялары жарық көрген. «М.Әуезов – публицист» еңбегі үшін Қазақстан Журналистер одағының С.Сәдуақасов атындағы сыйлығының лауреаты атанды. (1998). 1999 жылы жастардың «Дарын» Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. Қазақстан Журналистика Академиясының академигі (2006), Халықаралық Жазушылар мен Публицистер Ассоциациясының мүшесі (2006), Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі (2007).
Абайдың 150 жылдығына, Жамбылдың 150 жылдығына, Қ.Аманжоловтың 90 жылдығына, Ғ.Мүсіреповтің 100 жылдығына, Түркістанның 1500 жылдығына орай өткізілген жыр мүшәйраларының жүлдегері болды. 2004 жылы Бакуде өткен Бүкіл түркі дүниесі ақындарының 11-ші «Хазар шеир ақшамдары» фестивалінің лауреаты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2006). Түркияда Елазығ шахарында өткен Шыңғыс Айтматовқа арналған бүкіл түркі дүниесі ақындарының 15-ші фестивалінің, Македонияның Скопье, Косованың Приштина қалаларында өткен бүкіл түркідүниесі ақындары фестивалінің лауреаты (2007), «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы (2009). «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық Кеңестің мүшесі.
2011 жылы сәуірде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатын алды. Мамыр айында Халықаралық Шыңғыс Айтматов академиясының академигі атанды. 2011 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2012 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының кореспондент мүшесі болып сайланды. 2012 жылы 5 желтоқсанда Елбасының Жарлығымен ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста