Батырбек Әбдірәсілұлы Құлекеев 1953 жылы 19 мамырда Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Қазақ политехникалық институтының «Тау-кен инженері» және 2006 жылы Тараз қаласы Гуманитарлық-техникалық институтының «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі.
Еңбек жолын 1973 жылы Қаратау қаласындағы «Суперфосфат» трестінде жұмысшы болып бастаған. 1974-1999 жылдары «Қаратау тау-кен комбинатында» шахта бұрғылаушысы, тау-кен инженері, Тараз қаласындағы тас ұнтақтау зауытының цех бастығы, «Жамбыл гипс» комбинатының бас инженері, директоры, Жамбыл құрылыс бөлшектері мен конструкторлық бірлескен комбинатының бас директоры, 1999-2007 жылдары Талас ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2007-2012 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі. 2012 жылдан Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
Батырбек Әбдірәсілұлы Құлекеев
Последние статьи автора