Бақытжан Қажиев Төлеуқажыұлы
Бақытжан Қажиев Төлеуқажыұлы 1964 жылы 16 шілдеде дүниеге келген.
1986 жылы Алматы энергетика институтын электр желілері мен жүйелері мамандығы бойынша бітірген.
1986–1988 жж. «Қазэлектроқұрылыс» ТСО Покровский ҚМУ электрмонтаждаушысы.
1989–1993 жж. «Қазэлектроқұрылыс» ТСО Покровский ҚМУ электр жеткізу желілерінің құрылысы жөніндегі мастер, өндіріске даярлау тобының бастығы, бас инженер.
1993–2000 жж. «Аманат» АҚ бас инженері.
2000–2003 жж. «KEGOC» АҚ пайдалануды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, ЭЖЖ пайдалану бөлімінің бастығы, Пайдалану департаменті директорының орынбасары.
2003–2004 жж. «KEGOC» АҚ Пайдалану департаментінің директоры.
2004–2007 жж. «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалының директоры.
2007–2008 жж. Күрделі құрылыс департаментінің директоры.
2008–2009 жж. «KEGOC» АҚ Атқарушы директоры.
2009 ж.- «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ Вице-президенті.
2011 ж. 31 мамырдан бастап - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы.
• «Құрмет» орденімен (ҚР, 2010 ж.);
• «KEGOC» АҚ грамотасымен,
• "Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің" грамотасымен,
• "ТМД Электр энергетикасы кеңесінің" грамотасымен марапатталған.
2006 жылы - "ТМД еңбек сіңірген энергетигі" құрметті атағы берілген.