Бақытжан Ордабаев 1952 жылы 12 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мәскеу энергетика институтын бітірген. 1975-1978 жылдары - Алматы энергетика институтында инженер, кіші ғылыми қызметкер, оқытушы, тағылымдамадан өтуші-зерттеуші, комсомол комитетінің хатшысы. 1978-1991 жылдары - Мәскеу энергетика инстиутының аспиранты. 1982-1986 жылдары алматы энергетика институтында аға оқытушы, факультет кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1986-1990 жылдары - Э.Мондлане атындағы Университеттің (мозамбик) профессоры. 1990-1992 жылдары - Алматы энергетика институтында аға оқытушы, доцент. 1992-1996 жылдары - ҚР Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинетінде, ҚР Үкіметінің Аппаратында аға референт, коснультант, сыртқы байланыстар бөлімінің сектор меңгерушісі. 1996-1999 жылдары - ҚР Мемлекеттік хатшысы Ә.Кекілбаевтың кеңесшісі. 1999-2005 жылдары - ҚР-ның Түркиядағы елшілігінде кеңесші, кеңесші-елші. 2005-2008 жылдары - ҚР-ның Румыниядағы істерінің уақытша сенімді өкілі. 2008-2012 жылдары - Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы ҚР-ның тұрақты өкілі. 2012 жылғы шілдеден бастап ҚР-ның Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, 2013 қыркүйектен бастап ҚР-ның Аргентина Республикасындағы және Чили Республикасындағы төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
Бақытжан Ордабаев
Последние статьи автора