Бақытбек Смағұл
Бақытбек Смағұл 1960 жылы 6 ақпанда Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген.
1975-1978 жылдары Қазалы қаласындағы 34-селолық кәсіптік-техникалық училищені қызыл дипломмен бітірген.
1979-1981 жылдары Кеңес әскері қатарына шақырылған. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін 1979 жылғы 27 желтоқсанда Ауған Халық Демократиялық Республикасында әскери қызметін атқаруға жіберілген.
1981-1985 жылдары Алматы құрлыс техникумын өнеркәсіптік-азаматтық құрлыс мамандығы бойынша тәмамдаған.
2000-2004 жылдары Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
2004-2008 жылдары – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.
1985-1989 жылдары – Алматы қаласы Калинин аудандық құрлыс-жөндеу басқармасының инженер-техникалық қадағалаушысы.
1989-1995 жылдары – шағын кооператив директорының орынбасары.
1995-1996 жылдары – Алматы қаласындағы Уақытша автотұрақ басқармасының бастығы.
1996-1997 жылдары – “Болашақ” базарының директоры.
1997-1998 жылдары – Алматыдағы “Көк базардың” бас әкімшісі.
1998-1999 жылдары – “Сәлем” базарының директоры.
2000-2005 жылдары – “Тайқазан Техносервис” ЖШС бас директорының орынбасары.
2005-2011 жылдары – Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының “ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ” қауымдастығы төрағасының орынбасары, самбодан әлемнің екі дүркін чемпионы Асқар Шайхиев атындағы Таэкван-до спорт клубының президенті және “Сауап” қоғамдық қорының президенті.
2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
Қазалы ауданының “Құрметті азаматы”. II дәрежелі «Айбын», “Құрмет”, “За заслуги”, “Долг и честь” ордендерінің кавалері, Ресей Федерациясының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Монғолия Республикасының медалдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған.
Таэкван-додан V дан - қара белбеу иегері.
“Ауғанның от жалыны”, “Мен көрген соғыс”, “Война, которую видел я”, “Қан кешкен күндер”, “Намыстың құлы – Алаштың ұлы”, “Қаhарман”, “Үш қырлы жебе” кітаптарының авторы. Б.Момышұлының “Қолбасшы күнделігі - Дневник командира” еңбегін басып шығарған.
ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. ҚР Президентінің тапсырмасыменен “Алғашқы әскери дайындық” пәні бойынша Мемлекеттік бағдарлама әзірлеген.