Бақтыбай Әшімбекұлы Қасымбеков
Бақтыбай Әшімбекұлы Қасымбеков 1958 жылы 19 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Ленсовет атындағы Ленинград технологиялық институтының Инженерлік-кибернетика факультетін (инженер-механик), Мәскеу мемлекеттік патент жүргізу және өнертапқыштық институтын «патент жүргізуші» мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік заң академиясын «құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымының докторы, Академик.
Ғылыми-педагогикалық салада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы Қазақ химия-технологиялық институтында ғылыми қызметкер, оқытушы, ғылым жөніндегі директорының орынбасары болып жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Кадрлық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аппарат басшысы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бас инспекторы, ҚР Білім және ғылым вице-министрі, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2013 жылғы тамызда ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.