Бақтияр Әбілхайырұлы Алдашов 1954 жылы 22 ақпанда Жамбыл облысының Талас ауданында дүниеге келді. Ғалым, әлеуметтану ғылымының докторы, профессор.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген. 1976-1978 жылдары - «Жамбылқұрылыс» тресінің аға инженері. 1978-1985 жылдары - Жамбыл облыстық атқару комитеті құрылыс бөлімінің нұсқаушысы, аға референті, меңгерушісі. 1986-1991 жылдары - Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының аға инженері, проректоры, 1991-1996 жылдары - Тараз сыртқы экономика қауымдастығы бас директорының орынбасары. 1996 жылдан Жамбыл университетінің ғылыми жұмыстар мен халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Экологиялық-экономикалық мәселелер ғылыми-зерттеу институтының директоры, Тараз мемлекеттік университетінің факультет деканы болған. Қазір Х.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының профессоры болып істейді. 40-қа жуық ғылыми жұмыстың, оның ішінде 1 монографияның авторы.
Бақтияр Әбілхайырұлы Алдашов
Последние статьи автора