Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов
Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов 1945 жылы 21 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келген. С.Орджоникидзе атындағы Мәскеу инженерлік-экономикалық институтын, Мәскеу басқару институтының аспирантурасын тәмамдаған.
1960-1971 жылдары - «Риссовхозстрой» трестінің аға инженері. 1971-1973 жылдары - Қызылорда педагогикалық инситутының (Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) оқытушысы, комсомол комитетінің хатшысы. 1973-1976 жылдары - Мәскеу басқару институтының аспиранты. 1976-1996 жылдары - Қызылорда педагогикалық инситутының (Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, проректоры, ректоры. 1996-1999 жылдары - Қызылорда гуманитарлық университетінің ректоры, Қызылорда қаласының әкімі, Арнайы экономикалық аймақтың Әкімшілік Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1999 жылы Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші шақырылымында Сенат депутаты болып сайланған. 2007-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші шақырылымында Сенат депутаты - Сенаттың Экономика, қаржы және бюджет комитетінің хатшысы болды. 2011 жылғы қыркүйектен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» президентінің кеңесшісі.
100-ден аса ғылыми еңбектің авторы, олардың арасында «Қазақстан халқының дамуы», «Қазақстан халқының статистикасы», «Рынок труда в Казахстане», «Население Казахстана» сияқты ғылыми еңбектері бар.
«Құрмет» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.