Баязитова Ақмарал Амангелдіқызы
Баязитова Ақмарал Амангелдіқызы 1985 жылдың 29 қаңтарында Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған (2003-2007 ж.) Мамандығы – журналист.
07.2007-09.2012 жылдары «Орталық Қазақстан» Қарағанды облыстық газетінің тілшісі.
09. 2012 - 07.2013 жылдары «Алаш айнасы» республикалық газетінің Астана бюросындағы тілшісі.
07.2013 жылдан бері «KEGOC» АҚ Жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас маманы.
«Шабыт» Халықаралық фестивалінің дипломанты, «Алтын сұңқар» Қарағанды облысы әкімі сыйлығының иегері
Құрметті туған күн иелері Сіздерді басылым бетінде құттықтай отырып фотоларыңыз бен өмірбаяндарыңызды қоса жариялап отырмақпыз. Кейбір азаматтарымыз туралы деректерді табу қиындық туғызуда. Сіздерден өтінеріміз өздеріңіздің немесе дос-жаран, туған-туыстарыныздың фотосы бен өмірбаяның (talgat_74@mail.ru) мына поштаға жолданыздар!