Баян Рақышұлы Рақышев

Баян Рақышұлы Рақышев 1934 жылы 15 наурызда Қарағанды облысының Шет ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Тау-кен ғылымы саласындағы ірі ғалым, білікті ұстаз, жоғары мектеп пен ғылымның тәжірибелі ұйымдастырушысы.
1952 жылы Қарағанды қаласындағы №2 орта мектепті медальмен бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақ кен-металлургия институтына қабылданды. Оны үздік бітіргеннен кейін 1957 жылдан 1965 жылға дейін Балхаш кен-металлургия комбинатының Қоңырат кенішінде ауысымның, цехтың, карьердің бастығы қызметтерін атқарған. 1964 жылы өндірістен қол үзбей жүріп, академик А.С.Поповтың жетекшілігімен кандидаттық диссертацияны ойдағыдай қорғады. 1965 жылы Б.Р.Рақышев Қазақ политехникалық институтына жұмысқа шақырылып, байқау бойынша теориялық механика кафедрасының аға оқытушысы, одан соң оның доценті (1966-1976 жж.), меңгерушісі (1977-1987 жж.), ал 1988 жылдан бастап «Ашық тау-кен жұмыстары» кафедрасының меңгерушісі болып сайланды. 1980 жылдан 1993 жылға дейін ол В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ-де тау жыныстарын жарудың жаңа физикалық әдістері проблемалық зертханасының және бұрғылау-жару жұмыстары технологиясы салалық зертханасының ғылыми жетекшісі болды. 1967 жылдан 1974 жылға дейін Б.Р.Рақышев автоматика және есептеу техникасы факультетінің деканы болды. Ғылыми-зерттеу, оқу-өндірістік, қоғамдық жұмыстар бойынша факультет әрдәйім алдыңғы қатарда болды. Осы жылдары факультетте «Досмұқасан» ансамблі құрылып, үлкен шыңдарға шықты. 1980 жылы Б.Р.Рақышев В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ-нің проректоры болып тағайындалды. Осы жылдары ол көп күш-жігерін өндіріспен байланысты нығайтуға, болашақ мамандардың практикалық дайындығын жақсартуға жұмсады. ҚазПТИ-де Қазақстан бойынша алғаш рет өндірістік практика өтетін арнаулы студенттік топтар ұйымдастырылды. 1985 жылдан 1992 жылға дейін В.И.Ленин атындағы Қазақ политехника институтының ректоры болып қызмет атқарды.
Б.Р.Рақышев 1978 жылы Мәскеу тау-кен институтының арнаулы кеңесінде докторлық диссертация қорғады. 1979 жылы техника ғылымдарының докторы дәрежесін, 1981 жылы – профессор атағын алып, 1983 жылы ҚазССР ҒА-ның корреспондент-мүшесі болып сайланды.
1994 жылдан осы уақытқа дейін мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар жобаларының ғылыми жетекшісі.
1996 жылы Қазақстанның «Экология» Халық академиясының академигі, 1998 жылы Ресей тау-кен ғылым академиясының академигі және Халықаралық ғылым және өнер академиясының академигі, 2002 жылы – ҚР Жоғарғы мектебінің ұлттық академиясының академигі болып сайланды. 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі (академигі).  600 астам еңбектері жарияланған. Оның ішінде 17 монография, 8 оқулық және оқу құралы, 32 авторлық куәлік және өнертабысқа инновациялық патенттер, шет елдерде шыққан 70-тей мақалалар бар. Техника ғылымдарының 9 докторын, 30 кандидатын және 5 магистрын дайындады.
Ғылыми, ұстаздық және ұйымдастыру саласында сіңірген еңбектері үшін Баян Рақышев Парасат және Еңбек Қызыл Ту орденімен, ҚазССР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, ҚСРО-ның үш медалімен, «ҚСРО-ның жоғары білім үздігі» белгісімен марапатталған. «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағының иегері, республикалық Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты. Қазақ ұлттық техникалық университетінің Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлығының тұңғыш иегері, ғылым мен техникаға қосқан ерекше үлесі үшін мемлекеттік стипендия, «ҚР жоғары мектебінің үздік оқытушысы» деген мемлекеттік грантының екі мәрте және ҚР Тау-кен кешенінің «2013 жылдың Ғалым ұстазы» номинациясы бойынша «Алтын Гефест» иегері.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста