Бағдат Сайланбайұлы Мәнізоров

Бағдат Сайланбайұлы Мәнізоров

Бағдат Сайланбайұлы Мәнізоров 1962 жылы 1 ақпанда Талдықорған облысы Киров ауданы Құйбышев ауылында дүниеге келген.

1979-1983 жылдары бокстан оқытушы-тренер мамандығы бойынша Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік дене тәрбиесі Институтытында жоғары білім алады.

2000-2002 жылдары экономист-менеджер мамандығы бойынша Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетінде екінші жоғары білім алады.

Алғаш еңбек жолын 1983-1984 жылдар аралығында Талдықорған жасөспірімдер спорт мектебінде (ДЮСШ) бокс жаттықтырушысы болып бастады.

1984-1986 жылдары Талдықорған қалалық тұрмыс қажетін өтеу комбинатының қоймашысы;

1985-1986 жылдары Киров аудандық тұтыну қоғамының сатушы-дайындаушысы;

1986-1988 жылдары Киров ауданы Октябрь ауылдық кеңесі бойынша дайындаушы;

1988-1993 жылдары Киров аудандық тұтыну қоғамының аға қоймашысы;

1993-1995 жылдары Киров аудандық тұтыну қоғамы, Киров колхозы базарының директоры;

1995 жылы Талдықорған облыстық базарлар бірлестігінің Бас директоры;

1995-1999 жылдары «Шаған» сауда үйі» ЖШС-нің президенті;

1999-2001 жылдары Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің бірінші орынбасары;

2001 жылы Алматы облысы Көксу ауданының әкімі;

2001-2004 жылдары Алматы облысы Ақсу ауданының әкімі;

2004-2005 жылдары Қазақ тұтынушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары;

2005-2008 жылдары «Айсер» ЖШС директорының кеңесшісі;

2008 жылы Алматы қаласының жаңа Алатау ауданының құрылуы туралы шешім қабылданғаннан кейін Манізоров Бағдат Сайланбайұлы аудан әкімі болып тағайындалды.

Экономика ғылымдарының кандидаты. 2001 жылғы Елбасы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталды. 2008 жылы Елбасы Жарлығымен «10 жыл Астана» медалімен марапатталды. 2011 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталды. 2011 жылы Елбасы Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 20 жыл» медалімен марапатталды. Спортты дамытуға қосқан үлестері, әсіресе республика, облыс деңгейлерінде өткізіліп келе жатқан спорттық жарыстар мен басқа да шараларға тұрақты демеушілік танытқаны, ел намысын қорғаған белгілі спортшыларға тұрақты қолдау көрсеткені үшін «Қазақстан Республикасының спортқа еңбегі сіңген қайраткері» атағымен марапатталды. 2005 жылы Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы бизнесті дамытудағы үлкен жетістіктері, елімізді дамытудың экономикалық және әлеуметтік маңызды бағдарламаларын жүзеге асыруда қосқан үлестері үшін «Қазақстанның үздік кәсіпкері» атты арнайы дипломымен марапатталады.

Еңбек еткен аудандардың дамуы жолында сіңірген еңбектері үшін жергілікті Мәслихаттардың шешімдерімен:

2004 жылы «Ақсу ауданының құрметті азаматы»; 2005 жылы «Көксу ауданының құрметті азаматы» атақтарына ие болды.

Бағдат Мәнізоров мол тәжірибе жинақтаған басшы, әрі шебер ұйымдастырушы, елге танымал қоғамдық-саяси қайраткер.

Үлгілі жанұяның отағасы Бағдат Мәнізоров бүгінде жұбайы Гүлбану Ахметкерімқызымен бірге бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста