Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев
Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев 1964 жылы 12 маусымда Алматы облысы Алакөл ауданы (бұрынғы Андревка ауданы) Тоқжайлау ауылында дүниеге келген. 1981 жылы орта мектепті, 1986 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, одан кейін Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдады. Отан алдындағы борышын лейтенант дәрежесімен аяқтады.
1987 жылы Тоқжайлау ауылында кәсіптік техникалық училищесінде мұғалім, кейін директордың орынбасары болды. 1994 пен 2001 жыл аралығында аталған училищенің директоры. 2001 жылы «Алакөл-агро» ЖШС-ның директоры, аудан әкімінің орынбасары. 2004-2011 жылдары Алакөл ауданының әкімі. 2011 жылдың мамыр айында Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
«Қазақстан Конституциясына - 10 жыл» медальмен марпатталған.