Ажар Ахметқызы Жұбанова 1941 жылы 5 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келді. 1964 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. «Управление ростом и метоболической активностью иммобилизованных клеток микроорганизмов» деген тақырыпта доктокторлық диссертация қорғағап 1996 жылы Биология ғылымдарының докторы, професор атағын алды. 1964–1966 жылдары ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аға лаборант. 1966–1975 жылдары Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер. 1975–1986 жылдары Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) ассистент, аға оқытушы, доцент, професор. 1996–2000 жылдары ҚазҰУ-да ғылыми кеңестің ғалым-хатшысы. 2000–2002 жылдары декан болды. 2002 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 150-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
Ажар Ахметқызы Жұбанова
Последние статьи автора