Әуезнұр Бейсенұлы Қаженов
Әуезнұр Бейсенұлы Қаженов 1953 жылы 26 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауданында дүниеге келген. 1978 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдады.
1978-1979 жылдары Семей облыстық сотының тәлімгері. 1979-1982 жылдары Семей облыстық сотының мүшесі. 1982-1985 жылдары Семей облыстық атқару комитеті әділет бөлімі бастығының орынбасары. 1985-1988 жылдары Қызылорда облыстық атқару комитеті әділет бөлімінің бастығы. 1988-1993 жылдары Қазақ СРО мемлекеттік бас арбитрінің бірінші орынбасары. 1993 – 1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы арбитраж соты Төрағасының бірінші орынбасары (Алматы қаласы). 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты шаруашылық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі. 1997-1998 жылдары Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының Экономикалық Сотының судьясы (Минск қаласы). 2003-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы. 2010 жылдың наурыздан бастап Павлодар облыстық сотының төрағасы.