Асылы Әлиқызы Осман

Асылы Әлиқызы Осман 1941 жылы 13 тамызда Грузияның Ахалкалак ауданында Хавет ауылында дүниеге келген. 1944 жылы қараша айында отбасы Қазақстанға жер аударылады. Содан бері Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданы Азаттық ұжымшарының Жаңаталап бөлімшесінде тұрады.
1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы Жаңаталап жетіжылдық орталау мектебін тәмамдады. 1957-1961 жылдары Түрікстан педучилищесінде оқып, оны бастауыш мектеп мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. Сол жылдың қыркүйегінен бастап 1963 жылдың шілдесіне дейін аталған облыстың Түлкібас ауданы Жаңаталап ауылында мұғалима болып қызмет істеді.
1963 жылдан 1967 жылға дейін Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, оны қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік бітірді.
1969 жылғы 30 желтоқсаннан ҚР ҰҒА-ның Тіл білімі институтына аспирант болып қабылданған. 1973 жылы ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор А. Ысқақовтың жетекшілігімен М. Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша «Қазақ тіліндегі синонимдес етістіктердің семантика-стилистикалық қызметі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
1973 жылдан 1993 жылға дейін ҚР ҰҒА-ның Тіл білімі институтында қызмет еткен. Ал 1993 жылдан ҚР Министрлер кабинеті жанындағы Тіл комитетінің Ұлт тілдерін дамыту басқармасының бастығы қызметін атқарды. 1996 жылдан ҚР Ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетінің Мемлекеттік тілді дамыту, терминология және ономастика жұмысы жөніндегі Бас басқармасының бастығы болып қызмет істеген.
А. Осман қаламынан «Синонимдес етістіктердің семантика-стилистикалық қызметі», «Қазақша-түрікше-орысша тілашар» еңбектері жарық көрген. Сонымен қатар, он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» (1974-1986 жылдар) құрастырушылардың бірі әрі ғылыми жинақтар жазуға қатысқан. 300-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары, басқа тілдерден аудармалары жарияланған.
Ол қазақ тілінің мәртебесі жайлы өзекті мәселе көтеріп, Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысып, радио-теледидардан хабарлар беріп, газеттерге үзбей мақала жазып, «Қазақ тілі» мен «Қазақстан мұсылман әйелдері», «Адамын құқығын қорғау» қоғамдарына белсене ат салысып жүрген ғалымдарымыздың бірі.
Асылы Әлиқызы Алматы облыстық Әзірбайжан этно-мәдени орталығының, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы, «Мемлекетік тіл» қоғамдық қозғалысы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Мемлекеттік тілді дамыту қорының» Қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының және Алматы облысының «Құрметті азаматы» атағы берілген.
«Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен және Құрмет грамотасымен, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «Алғыс» грамотасымен, «Отан» республикалық саяси партиясының «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен, Қазақстан халқы Алматы облыстық кіші Ассамблеясының грамотасымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста