Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов

Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов

Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов 1951 жылы 30 мамырда (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Семей қаласы Қайнар ауылында дүниеге келген. Қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Алматы энергетика институтының және Герман Демократиялық Республикасы Ильменау қаласындағы Жоғары техникалық мектептің аспирантураларын бітірген. 1991-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігі бас басқармасы бастығының орынбасары, департамент директоры, басқарма бастығы. 1997-1998 жылдары - Қазақ энциклопедиясы бас редакторының бірінші орынбасары. 1998 жылы - «Білім» баспасының директоры. 1998-2000 жылдары - «Рауан» баспасының директоры. 2000-2001 жылдары - «Мектеп» баспасы» ААҚ президенті. 2001-2003 жылдары - Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясының президенті. 2003 жылдың желтоқсанынан - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. 2004 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Педагогика ғылымдары академиясының президенті.
Педагогика ғылымының докторы, профессор, Қазақстандағы салыстырмалы педагогика және оқулық сапасы мониторингі бағытының негізін салушы, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының, Қазақ білім беру академиясының, Әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
20 монографияның, 11 оқулық пен оқу құралдарының, 5 кітаптың, 6 Мемлекеттік стандарттың, 11 түсіндірмелі және терминологиялық сөздіктің, 150-ге жуық ғылыми мақаланың және жарияланым көрген 140 мақаланың авторы. Ол салыстырмалы педагогика мәселелерін, оқулық жасау теориясын зерттеп, осы салада оқулықтар мен монографиялық еңбектерін жариялаған. Оның ғылыми жетекшілігімен шетелдердің білім беру жүйелері зерттеліп, Қазақстанның білім беру саласын реформалау мен дамытудың жаңа үлгісі ұсынылған. Сонымен қатар ол 31 томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша ғылыми салалық терминология сөздіктерін және қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздіктер сериясын шығаруға басшылық жасаған.
«Ерен еңбегі үшiн», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігінің «Ғылым дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған. Қазақстан ғалымдары арасында алғаш болып педагогика ғылымы аясында Ресей Үкіметінің Константин Ушинский атындағы медалімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста