Асқар Ахметұлы Мусинов

Асқар Ахметұлы Мусинов 1961 жылы 11 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Ленинград мемлекеттік университетінің шығыс факультетін бітірген (1984 жыл). Тарих ғылымдарының кандидаты. Араб, ағылшын, француз тілдерін меңгерген. 1984-1987 жылдары Ливияда әскери аудармашы болып жұмыс істеген. 1987 жылдың қараша айынан бастап дипломатиялық қызметте. ҚазКСР СІМ жүйесінде протоколдық-саяси бөлімде екінші, бірінші хатшы-Министрдің көмекшісі болып жұмыс істеген. Консулдық бөлім меңгерушісінің, содан кейін басқарманың орынбасары. Сауд Арабиясы Корольдігіндегі КСРО Елшілігінің екінші хатшысы. ҚР Президенті Аппараты мен Министрлер кабинетінің Халықаралық бөлімінің аға референті. Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы-консулдық бөлімнің меңгерушісі. ҚР СІМ Бас консулдық басқармасының бастығы, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры. 1997 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы. 1999 жылғы қыркүйектен бастап 2002 жылғы шілде аралығында Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2001 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі, Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2002 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2003 жылдың наурызынан бастап 2006 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі, Кувейт Мемлекетіндегі, Оман Сұлтандығындағы, Қатар Мемлекетіндегі, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2006 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2008 жылдың мамырынан бастап 2013 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2013 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды. ІІ дәрежелі «Достық» орденімен (2005 жыл), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 жыл), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 жыл), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006 жыл), «Астананың 10 жылдығы» (2008 жыл), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 жыл) мерейтойлық медальдарымен, «І дәрежелі БАӘ тәуелсіздігі орденімен», Премьер-Министрдің алғысымен марапатталған. Дипломатиялық дәрежесі - Төтенше және Өкілетті Елші.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста