Асқар Асанханұлы Секішев

Асқар Асанханұлы Секішев

Асқар Асанханұлы Секішев 1960 жылы 17 сәуірде Қарағанды облысы Саран қаласында дүниеге келген. 1983 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1977 жылы қыркүйек айында Қарағандыдағы зауытта, ағаш ұстасы ретінде бастаған. 1983 жылғы маусым айында диплом алар алдындағы университеттің соңғы курсында оқи жүріп, 1983 жылдың наурызында өндірістік практикадан өту кезеңінде КСРО Бас Прокурорының бұйрығымен Саран қалалық прокуратурасы тергеушісінің қызметін атқарушы (тәлімгер) болып тағайындалды. 1984 жылы аға тергеуші, ал 1988 жылғы қарашада Саран қаласы прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды. 1993 жылғы наурыз айында Саран қалалық халық сотының төрағасы болып сайланды. Кейін Республиканың Бас прокуратурасы Аппаратына жұмысқа шақырылады да, 1996 жылы жұмысын бөлімнің аға прокуроры болып бастайды, 1996 жылдың желтоқсан айынан бастап алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарманың аға прокуроры қызметін атқарады. 1997 жылғы ақпан айында Алматы қалалық прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің, тергеудің және анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма бастығының орынбасары болып тағайындалады. 1997 жылғы наурыз айында Алматы облыстық прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің, тергеудің және анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлім бастығы қызметін атқарады. 1997 жылғы маусымда Әділет министрлігінің соттардың жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы бастығының қызметіне шақырылады, ал сол жылдың қараша айында Ақмола (Астана) қаласына көшіп келуі бойынша Сот қызметін, сот сараптамасы мен атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру департаментінің директоры болып тағайындалады, Әділет министрлігінің алқа мүшесі болып бекітіледі. 1998 жылғы наурыз айында Шығыс Қазақстан облысы Әділет басқармасының бастығы болып тағайындалады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1999 жылғы қараша айында Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалады. 2004 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысымен Жоғарғы Сот судьясы болып сайланады. Республика Судьялар одағының кезекті съезінде аталған қоғамдық бірлестіктің Орталық Кеңесінің мүшелігіне сайланады. 2006 жылғы қазан айынан бастап бірнеше рет Судьялардың Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасының төрағасы болып сайланады. 2009 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды облысының прокуроры.
Судьялар одағының «Үш Би» құрмет белгісімен, Жоғарғы Соттың Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста