Асқар Әнетұлы Сәду
Асқар Әнетұлы Сәду 1979 жылы 5 мамырда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2000 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдады. Мамандығы заңгер.
Еңбек жолын жетекші маман, бас маман, Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі департаментінің монополияға қарсы заңнаманы сақтауды қадағалау бөлімінің бастығы болып бастады. Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің заң бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді, Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі электр-жылу энергетика саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаментінің энергетика секторындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. 2005 жылдың сәуір айынан бастап – Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының көмекшісі 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап – Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Заң департаменті директорының орынбасары 2007 жылдың қараша айынан бастап – Астана қаласы бойынша Бақылау және құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары. 2008 жылдың ақпан айынан бастап – ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2010 жылдың ақпан айынан бастап – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы.