Әшірбек Сейілханұлы Көпіш
Әшірбек Сейілханұлы Көпіш 1947 жылы 30 сәуірде Жамбыл облысы, Қордай ауданының Керу ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1970-1994 жылдары «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде, «Пионер-Ақ желкен» журналында жауапты қызметтер атқарған. 1987 жылы Қазақстанда жаңадан ашылған «Арай-Заря» журналының бас редакторы, 1995 жылы Қазақстан радиосы және теледидары республикалық корпорациясының президенті болып қызмет етті. 1996 жылдан бері республикалық «Өнер» баспасының бас директоры.
«Дөңгеле, күн, дөңгеле» (1983), «Таудан түскен тұман» (1985), «Бетқайнардың үкілі қамысы» (2003), «Көк аспанның әміршісі» (2003), «Құмайкөк» (2005), «Құмайкөктің көк аспаны» (2007) атты прозалық кітаптардың авторы.
«Президенттік мәдениет орталығы», «Балалық шаққа саяхат - Путишествие в детство» (Президенттің балалық шағы), «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі» суперфотоальбомдар жобаларының авторы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1982), Құрмет Грамотасымен (1985), «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2001) марапатталған. «Қазақстан Республикасы Баспа және полиграфия ісінің қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері.