Әсия Әйіпқызы Беркенова

Әсия Әйіпқызы Беркенова

Әсия Әйіпқызы Беркенова 1950 жылы 22 сәуірде Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Сұлукөл аулында дүниеге келген.
Жоғарғы білімді педагог, Қазақстанның халық ағарту ісінің үздігі. Айтысқа өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан қатысып келеді. 1982-1983 жылдарда Қостанай облыстық ақындар айтысында, Алматыда 1984 жылы өткен Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығына арналған республикалық айтыста бірінші орынды жеңіп алған ол, бұдан кейінгі жылдарда талай мәрте республикалық айтыстардың жеңімпазы болды. Әсіресе, Абылай ханның 280 жылдығы, әнші Мұхиттың 150 жылдығы, Қажымұқан палуанның 120 жылдығы, Шақшақұлы Жәнібек батырдың 300 жылдығы тойларында оның айтыстағы дара таланты жарқырай көрінді, «Жарасым» атты қыз-жігіттер айтысында Сара атындағы жүлденің иегері атанды.
Монғолия, Қытай, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Ресей және Қазақстан ақындарының арасында өткен халықаралық айтыстың жүлдегері Әсия – Қостанай өңірінде Омар Шипиннен кейін Халық ақыны атағын алған дүлдүл ақын. Қазіргі уақытта Әсия Беркенованың есімі бүкіл жыр сүйер қауымға ғана танылып қоймай, елімізден тыс жерде тұратын қазақтарға да белгілі болып отыр.
Бүгіндері Әсия Әйіпқызы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіндегі «Өнер» студиясына жетекшілік етеді. Жастарды ұлттық өнерді сүйіп, меңгеруге баулумен айналысуда. Сондай-ақ, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектепте «Жас ақын» сыныбын ашып, жас талаптарды сөз өнеріне тәрбиелеп келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста