Ақылбек Теміржанұлы Аманғалиев 1970 жыл 31 қазанда дүниеге келген. 1999 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1988 жылы Куйбышев атындағы совхозда құрылысшы болып бастады. 1988-1990 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет етті. 1991-1992 жылдары Куйбышев атындағы совхозда шопанның көмекшісі. 1992-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында экономист, аға экономист, жетекші тексеруші инспектор, бас маман, агроөнеркәсіп кешенің қаржыландыру бөлімінің бастығы. 2000 жылдың қараша айынан 2002 жылдың наурыз айына дейін Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары. 2002 жылдың наурыз айынан 2003 жылдың маусым айына дейін Батыс Қазақстан облысы экономика басқармасының бастығы. 2003 жылдың маусым айынан 2005 жылдың қаңтар айына дейін Коммуналдық меншік басқармасының бастығы. 2005 жылдың қаңтар айынан 2007 жылдың шілде айына дейін Батыс Қазақстан облысының қаржы департаменті директорының орынбасары. 2007 жылдың шілде айынан 2008 жылдың мамыр айына дейін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімнің орынбасары. 2008 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың мамыр айына дейін Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары. 2012 жылдың мамыр айынан бастап Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы әкімінің орынбасары.
Ақылбек Теміржанұлы Аманғалиев
Последние статьи автора