Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев 1961 жылы 13 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 1983 жылы Еңбек Қызыл ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын агрохимия және топырақтану мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын Талғар ауданаралық мамандандырылған шаруашылық бірлестігі комбайншысының көмекшісі, Алматы облысы Талғар ауданы Шеңгелді орта мектебі интернатының тәрбиешісі қызметінен бастады. Институтты бітіргеннен кейін Алматы облысы Қаскелең ауданы Қазақтың егіншілік ҒЗИ аспиранты, кіші ғылыми қызметкері, кәсіподақ комитетінің төрағасы, аға ғылыми қызметкері, директордың орынбасары, Ақмола облысы Шортанды ауданында А.И. Бараев атындағы Қазақтың астық шаруашылығы ҒЗИ бас директоры лауазымдарын атқарған.
2002-2011 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығының вице-министрі, ҚР АШМ Ғылым департаментінің директоры, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі, министрі қызметтерін атқарды. 2011 жылдың қазан айынан бастап «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқармасының төрағасы.
Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі. А.И. Бараев атындағы сыйлықтың лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие. 100-ден аса ғылыми басылымдардың, 4 монографияның авторы.
2012 жылы Астана қаласы мәслихатының бесінші шақырылымының депутаты болып сайланды. Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев
Последние статьи автора