Ақмырза Исаұлы Рүстембеков
Ақмырза Исаұлы Рүстембеков 1956 жылы 15 ақпанда Ақмола облысының Қорғалжын кентінде дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын бітірген (1980), сәулетші. Халықаралық архитектура академиясының және Халықаралық Шығыс елдері архитектура академиясының толық мүшесі. ҚР БАҚ-та және ТМД журналдарында басылып шығарылған архитектура және қала құрылысы туралы 25-тен астам жарияланымдар мен мақалалар авторы. «Мұнара түріндегі ғимарат» авторлық куәлігі бар (2003). 1980 жылдан - «Гипровуз» ВГПИ Алматы филиалында сәулетші, аға сәулетші, топ жетекшісі, жобалардың бас сәулетшісі, филиал директорының орынбасары. 1990 жылдан - шығармашылық-өндірістік шеберханасының жетекшісі. 1996 жылдан - ҚР Сәулетшілер одағының вице- президенті, 2000 жылдан бері - президенті. 2001-2003 жылдары - Халықаралық ТМД Сәулетшілер одақтары ассоциациясының вице-президенті. «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі (2002 жылдан). Дүниежүзілік қайырымдылық альянсының Бітімгер алтын орденімен (2007), «Құрмет» (2010) орденімен; «Астананың 10 жылдығы» (2008) медалімен; Дүниежүзілік архитектура триенналесінде күміс медальмен (2003) марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2006) марапатталған. Республикалық және халықаралық конкурстардың бірнеше мәрте лауреаты. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (2004).