Ақан Құсайынұлы Бижанов 1949 жылы 23 тамызда Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін тәмамдаған. Инженер-электрик, саясаттанушы. Саясаттану ғылымының докторы, академик, Саясаттану ғылымы академиясының вице-президенті.
Алматы қаласынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі. Еуразия Экономикалық Қоғамдастығы Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі. АҚШ Конгресімен, Корея Республикасының Ұлттық Жиналысымен, Чех Республикасының Сенатымен ынтымақтастық тобының мүшесі.
Қазір ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы.
«Құрмет» орденімен, ТМД ПАА «Содружество» орденімен, жеті медальмен марапатталған.
Ақан Құсайынұлы Бижанов
Последние статьи автора