Әнуар Тарақ 1956 жылы 23 сәуірде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шалкөде ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітіргеннен кейін 1980-1990 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1990-1992 жылдары «Парасат» журналында, 1992-2000 жылдары «Алматы ақшамы» газетінде қызмет істеген. Өлеңдері «Баспалдақтар», «Атамекен» деген ұжымдық жинақтарға енген. Бірнеше әндерге сөз жазған.
1998 жылы «Өлең-толғаулар және тарихи жыр-дастандардағы Абылай хан тұлғасы» атты тақырыпқа кандидаттық диссертация қорғаған. 1996 жылы Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты болған. Қазір ғылыми, педагогикалық жұмыспен шұғылданады.
Әнуар Тарақ
Последние статьи автора