Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов

 Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов 1960 жылы 9 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бестерек кентінде дүниеге келген. Семей педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша, Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған. Тарих ғылымының кандидаты, саяси ғылымның докторы, профессор.
1977-1978 жылдары Семей облысы Үржар ауданы Чапаев атындағы колхоз жұмысшысы. 1978-1980 жылдары Кеңес Армиясының қатарында қызмет атқарды. 1981-1990 жылдары орта мектеп оқытушысы, колхоздың комсомол комитетінің хатшысы, Ленин атындағы колхоздың партия комитетінің хатшысы. 1990-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Үржар аудандық комитетінің саяси ағарту кабинетінің нұсқаушысы, меңгерушісі. 1991-1995 жылдары мектеп-лицей директоры, Семей облыстық білім департаменті бастығының орынбасары – облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының директоры. 1995-1999 жылдары Семей қалалық білім беру басқармасының бастығы, Семей облыстық білім беру департаменті бастығының бірінші орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы білім беру бөлімінің меңгерушісі, білім беру, жалпы әкімшілік жүйесі мен жапон тілін үйрену мақсатында мемлекеттік қызметшілермен алмасу жобасы бойынша Жапонияда тағвлымдамадан өтті. 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Орта және кәсіби білім комитетінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаменті директорының орынбасары. 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2003-2006 жылдары Астана қаласы білім департаментінің бастығы. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2008-2010 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2010-2012 жылдары «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қосымша жұмысы Қазақ-Ресей университетінің саясаттану кафедрасының (0,25%) профессоры. 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі. 2014 жылғы мамырдан бастап – V шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.
«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Құрмет» орденімен, мерекелік медальдармен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста