Амантай Кәкімбекұлы Балғарин
Амантай Кәкімбекұлы Балғарин 1962 жылы 24 қазанда Қостанай облысы Әулиекөл ауданынның Тимофеев поселкесінде дүниеге келген. 1981 жылы Қостанай ауыл шаруашылығылық техникумын ветеринар фельдшері мамандығы бойынша, 2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясын есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдаған.
1981 жылдың наурыз-мамыр айларында Семиозер ауданының «Қаймақкөл» кеңшарында ветеринарлық санитар болып жұмыс істеді. 1981 жылдың мамыры мен 1983 жылдың маусымы Сухуми қаласында аралығында Совет Армиясы қатарында қызмет етті. 1983 жылдың шілдесінен 1998 жылдың шілдесі аралығында «Қаймаққөл» кеңшарында ветеринар дәрігері, кәсіподақ комитетінің төрағасы, «Қаймақкөл» кеңшарының бас ветеринары қызметтерін атқарады. 1998 жылдың шілдесінен бастап 2004 жылдың наурызы аралығында Әулиекөл аудандық ауыл шаруашылық басқармасында жетекші маман, бас маман, бастықтың орынбасары, бастығы болып жұмыс істеді. 2004 жылдың наурызы мен 2008 жылдың қарашасы аралығында «Тимофеевка-Агро» ЖШС-інің атқарушы директоры болды. 2008 жылдың қарашасынан 2010 жылдың желтоқсаны Әулиекөл ауданының «Кетебаева Зауреш» шаруа қожалығын басқарды. 2010 жылдың желтоқсаны мен 2011 жылдың сәуірі аралығында «Қостанай облысы әкімдігі ауыл шаруашылық басқармасы» ММ бастығың орынбасары, 2011 жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында облыс әкімі С.В.Кулагиннің 28 қарашадағы «Ауыл шарушылылығы басқармасы» ММ бастығы болып жұмыс істеді. 2011 жылы Науырзым ауданының әкімі болып тағайындалды. 2013 жылдан бастап Әулиекөл ауданының әкімі.