Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов 1967 жылы 3 сәуірде Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Жаңатаң ауданында туған. «Қайнар» университеті «Құқықтану» факультетін (1999) заңгер мамандығы бойынша; Халықаралық құқық қорғау органдарының академиясын (Будапешт қ., 2002) «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының «Мемлекеттік басқару» факультетін (2004) мемлекеттік қызмет менеджері мамандығы бойынша бітірген. «Ел тарихындағы кеден» (2007) кітабының; «Мамандарды жасақтау мәселелерінің психологиялық негіздері», «Психологиялық қызмет атқарылуының тұжырымдамалық негіздері» (2005), «Қазіргі таңдағы мамандарды жасақтаудың түбегейлі мәселелері», «Психологиялық қызмет атқарылуының келешегі мен негіздері» (2005); Қазақстан Республикасы «Жедел іздестіру қызметі» және «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңдары бойынша тестілік сауалдардың (2004); Қазақстан Республикасы «Жедел іздестіру қызметі» Заңы бойынша дәрістер курсы және есептер жинағының (2004) авторы.
1982-1983 жылдары - Ақтөбе ауыл шаруашылығы техникумының студенті. 1986 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1988 жылдан - Ақтөбе облысы «Жайсан» кеңшарының агрономы. 1988-1992 жылдары - Мәртөк аудандық өсімдіктерді қорғау стансасының жетекші агрономы. 1989 жылдан - қазақ Жер шаруашылығы ҒЗИ «Өсімдіктерді қорғау» факультетінің тыңдаушысы. 1992 жылдан - Ақтөбе облысы Мәртек аудандық әкімшілігі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы. 1994 жылдан - Ақтөбе облыстық кеден басқармасының қызметкері. 2002 жылдан - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі Кеден ісі саласындағы қылмыстармен және құқық бұзушылықтармен күрес департаменті Кедендік қорғау және тәртіп басқармасының бастығы. 2003 жылдан - ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының студенті. 2004 жылдан - Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Мамандар басқармасы бастығының орынбасары; 2005 жылдан - бастықтың орынбасары; 2006 жылдан - БҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті Мамандар басқармасының бастығы, 2008 жылдан - Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы; 2009 жылдан - Жамбыл облысы Кедендік бақылау департаментінің бастығы. 2010-2012 жылдары Павлодар облысы Кедендік бақылау департаментінің бастығы қызметін атқарды.
2012 жылдан «СамұрықҚазына» ұлттық әлауқат қоры» басқару тобының мүшесі – «ХимПарк СЭЗ басқару компаниясы» АҚ атқарушы директоры.
2013 жылдың 10 шілдесінен бастап «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің төрағасы.
«Кеден» футбол клубының мүшесі (Павлодар қаласы, 2010 жылдан). «Астананың 10 жылдығы» (2008), «ІІМ органдарына 15 жыл», «Әлия Молдағұлованың 80 жылдығы», Қазақстан Республикасы Ауғанстан ардагерлері қоғамынан «Демеу» медальдарымен; «Кеңес Әскерінің үздігі», «Гвардия» (1987), III, II дәрежелі «Кеден органдарындағы үздік қызметі үшін» белгілерімен марапатталған.
Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов
Последние статьи автора