Аманғазы Кәріпжанәулеті

Аманғазы Кәріпжанәулеті 1964 жылы 27 сәуірде Семей облысы, Ақсуат ауданы, Қызылкесік ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінде оқыған. Желтоқсан оқиғасына байланысты оқудан және комсомол қатарынан шығарылып, қауіпсіздік комитетінің тергеуіне алынады. 1992 жылы журналистика факультетін тамамдайды. 1993 жылдан республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 1995 жылдан қазақ теледидарында редактор қызметін атқарып келді. Өлеңдері республикалық газет-журналдар мен Қытай Халық республикасында шығатын «Шұғыла» журналында жарияланған. «Жаралы Желтоқсан» («Жалын», 1995) жыр жинағының авторы.
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. Шақшақ Жәнібекке арналып Қазақстан Жазушылар одағында өткен жыр мүшәйрасының бас жүлдесін, Бұқар жырауға арналған республикалық жыраулар байқауының үшінші жүлдесін және бірнеше ақындар айтысының жүлделі орындарын иеленген. Сазгерлер байқауы, «Жігер», «Жігіттің сұлтаны», «Студенттер көктемі» сияқты фестивальдерге қатысқан. 1995 жылдан теледидар саласында суырыпсалма ақындардың өлеңмен жүргізілетін «Қазақ деген ақын халық», сондай-ақ мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, өзге ұлттардың қазақша өнері сияқты әдебиет пен мәдениеттің тағы да көптеген саласына арналған жанрлық сайыстардың басын біріктірген авторлық бағдарламаларын жарыққа шығарды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста