Аманбек Мырзахметұлы Рамазанов 1953 жылы 24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Новосібір инженерлік-құрылыс институтын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік институтын бітірген.
1976-1979 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының Қаратал кеңшарында бас инженер-гидротехник, «Востокмашзауыт» инженер-конструкторы. 1979-1981 жылдары - Новосібір инженерлік-құрылыс институтының аспиранты, кіші ғылыми қызметкері. Өскемен құрылыс-жол институтында ассистент, аға оқытушы, кафедра доценті. 1981-1996 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында бөлім меңгерушісі, экология мәселелері жөніндегі бас сарапшы. 1996 жылы - бірінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғат пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі. 1999-2002 жылдары - ҚР Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы. 2002-2004 жылдары - ҚР Парламенті Қаржы және бюджет комитеті хатшылығының меңгерушісі. 2004 жылғы желтоқсаннан бері ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғат пайдалану мәселелері комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Аманбек Мырзахметұлы Рамазанов
Последние статьи автора