Алмас Әбенұлы Сұлтанғазин
Алмас Әбенұлы Сұлтанғазин 1968 жылы 4 маусымда Талдықорған облысы Алакөл ауданының Арқарлы ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында құрылыстағы экономика және басқару факультетін бітірген (1993), инженер-экономист. Құрылыс экономикасы жөніндегі 7 мақаланың авторы. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2002). 1985 жылдан - Сібір металлургия институтының студенті (Новокузнецк қ.). 1986 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1988 жылдан - Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының студенті. 1993 жылдан - «Тұран» акционерлік-сақтандыру компаниясының жабдықтау жөніндегі инспекторы, қойма меңгерушісі. 1994 жылдан - "Алматы мәдениет тұрмыс құрылыс» АҚ-ның «Медеуқұрылыс» ҚМБ жұмыстарды өндірушісі, жетекші экономисі. 1998 жылдан - «Алматы мәдениет тұрмыс құрылыс» АҚ бас директорының орынбасары. 2002 жылдан - «Алматы мәдениет тұрмыс құрылыс» АҚ бас директорының бірінші орынбасары. 2006 жылдың маусым айынан бері - «Алматықұрылыс» Ұлттық холдинг компаниясы» АҚ вице-президенті. ҚР Құрметті қүрылысшысы (2006).