Әлихан Жұмаханұлы Қуатбеков 1961 жылдың 24 қарашасында дүниеге келген. 1985 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «құрылыс және жол машиналары мен жабдықтары» мамандығы, «инженер-механик» біліктілігі бойынша бітірді. ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын «мемлекеттік және жергілікті (муниципалды) басқару» мамандығы бойынша 2000 жылы бітірді.
Еңбек жолын 1985 жылы «Прибалхашстрой» трестінің автобазасы, теміржол конструкцияларды тиеп қою шебері болып бастады. 1987-1988 жылдар аралығында «Прибалхашстрой» трестінің автобазасы, автоколоннаның бастығы қызметін атқарды. 1988-1996 жылдары «Прибалхашстрой» трестінің автобазасында бас механигінің міндетін атқарушы, «Прибалхашстрой» трест автобазасының комсомол комитетінің хатшысы, «Прибалхашстрой» тресті, бас инженері, автобаза бастығы. 1996-1999 жылдар аралығында механикаландырылған көлік басқармасының директоры. 1999-2003 жылдар аралығында Балқаш қаласы көлік департаметінің бастығы. 2003-2005 жылдары Балқаш қаласы әкімінің орынбасары. 2006 жылдың наурыз-мамыр айларында Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды орындау бөлімінің бастығы. 2006-2007 жылдар аралығында Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты инфрақұрылым бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2007 жылдың 3 қыркүйегінен бастап Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Әлихан Жұмаханұлы Қуатбеков
Последние статьи автора