Әлібек Ақылбекұлы Темірбеков
Әлібек Ақылбекұлы Темірбеков 1960 жылы 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Жаңа Хайрузов ауылында дүниеге келген. Әкесі -Темірбеков Ақылбек (1936 жылы туған) – зейнеткер. Анасы – Темірбекова Кулкаш Нұрғазықызы (1936 жылы туған), зейнеткер. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1988) және аспирантурасын бітірген (1992). Құқықтанушы, заң ғылымдарының докторы (2006). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрестің теориялық проблемалары». «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс құрамының субъективті белгілері» көмекші оқу құралының (2003), «Жаһандану жағдайындағы құқықтық шынайылық және қылмыс (теориялық-криминологиялық аспект)» ғылыми басылымының (2004), «Жаһанданудың әлеуметтік мәніндегі қылмыс: теориялық-криминологиялық зерттеу» монографиясының (2005) және т.б. авторы. 1977 жылы ШҚО Катонқарағай ауданының Парамонов ауылында мұғалім. 1978 жылы Кеңес Әскері қатарында борышын өтеді. 1980 жылы С.М. Киров атындағы зауытта жұмысшы. 1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1988 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің қылмыстық құқық кафедрасының ассистенті, аспиранты. 1992 жылы ҚР Конституциялық соты төрағасы орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі. 1994 жылдан - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің қылмыстық құқық кафедрасының аға оқытушысы, доценті. 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2006 жылдан бері ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы. «Заңгерлер әділ сайлау үшін!» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары. «Құрмет» орденімен (2008); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.
Жұбайы - Темірбекова Максима Нұриқызы (1958 жылы туған), педагог. Қыздары - Айжан (1990 жылы туған), студент, Айя (1994 жылы туған), оқушы.