Әли Демегенұлы Алпысбаев

Әли Демегенұлы Алпысбаев

Әли Демегенұлы Алпысбаев 1956 жылы 28 сәуірде Алматы облысының Ескелді ауданы Елтай ауылында дүниеге келген. Шымкент мәдениет институтын (қазіргі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты), Алматы консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваориясы) тәмамдаған. Композитор, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, дирижер, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту ісінің үздігі.
1979-1982 жылдары Сарқант мәдени-ағарту училищесінде, 1982-1995 жылдары Талдықорған қаласындағы музыкалық училищеде, педагогикалық университетте оқытушы, сондай-ақ «Алтын дән» ұлт аспаптар ансамблінің негізін қалап, көркемдік жетекшісі, дирижері болған. 1995 жылдан Алматы облыстық филармониясының халық аспаптар оркестрінің дирижері әрі көркемдік жетекшісі, сонымен қатар Талдықорған қаласындағы Мәдениет сарайының директоры қызметін атқарады. 1997 жылы - М.Төлебаев атындағы аймақтық филармония директоры және оркестрдің бас дирижері. 1999 жылдан - Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры. «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының мүшесі. Талдықорған қаласының депутаты.
Ә.Алпысбаевтың 100-ден аса әні, жеке музыкалық аспаптарға арналған бірнеше шығармасы бар. Ресей, Қытай, Түркия елдерін гастрольдік сапармен аралап, Польшада өткен VIII дүниежүзілік өнер фестиваліне қатысқан.
Астанада өткен «Елім менің» республикалық сазгерлер конкурсының үш мәрте лауреаты. 2007 жылы «Елге арнау» күй-поэмасы үшін мемлекеттік гранттың иегері атанды. 2008 жылы Болгарияда өткен «София көктемі - 2008» байқауында оған «Алтын алқа» жоғары марапаты табыс етілді. Халықтық музыканы насихаттау мақсатында бірқатар халықаралық форумдар мен байқауларда болды. Құрманғазы атындағы академиялық оркестрге, «Отырар сазы» оркестріне, Астана қаласының академиялық оркестріне дирижерлік етті.
«Астана» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста