Әли Әбдікәрімұлы Бектаев

  • 45

Әли Әбдікәрімұлы Бектаев 1962 жылдың 20 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Қазақ ауылшаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген, 1992 жылы ҚМЭБИ-н мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.
08.1984-07.1985 жылдары Шымкент облысы Ленгір ауданы Сейфуллин атындағы кеңшардың бас инженері. 07.1985 - 08.1987 жылдары Қазақстан ЛКЖО Сайрам аудандық комитетінің комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 08.1987-11.1989 жылдары Қазақстан Компартиясы Шымкент облысы Сайрам аудандық комитетінің нұсқаушысы.
11.1989 - 08.1990 жылдары Шымкент облысы Сайрам ауданының Фрунзе атындағы кеңшары партия комитетінің хатшысы. 08.1990-11.1990 жылдары Ташкент жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 11.1990-07.1992 жылдары Алматы жоғары партия мектебінің, Қазақ экономика, менеджмент және болжамдау институтының тыңдаушысы. 07.1991-10.1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің консультанты. 10.1991-03.1992 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы “Қазығұрт ЛТД” ӨКФ бас директорының орынбасары. 03.1992 - 03.1994 Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары. 03.1994-03.1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі басқармасының бастығы. 03.1998-02.1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі туризм және спорт басқармасының бастығы. 02.1999-05.1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі спорт және дене шынықтыру департаментінің бастығы. 05.1999-10.1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі мемлекеттік қызмет департаментінің бастығы. 12.1999-07.2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар жөніндегі басқармасының бастығы. 07.2000-09.2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының әкімі. 09.2002-02.2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 02.2006-05.2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының әкімі. 05.2008 жылдың мамыр айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Автор
Последние статьи автора
  • 339
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 492
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста