Айтқожа Биғалиұлы Биғалиев
Айтқожа Биғалиұлы Биғалиев 1945 жылы 25 желтоқсанда Ресейдің Куйбышев облысы Кинель-Черкасский ауданы Рабочий селосында дүниеге келген. Алматы зооветеринарлық институтын, КСРО Ғылым Академиясы Жалпы генетика институтының аспирантурасын бітірген. Биология ғылымының докторы, профессор, Халықаралық Ақпаратандыру Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп Ғылым Академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экология және ботаника кафедрасының оқытушысы.
1969-1971 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Эксперименттік биология институтының ғылыми хатшысы. 1971-1985 жылдары - Ақтөбе медицина институты биология және жалпы генетика кафедрасының меңгерушісі. 1985-1987 жылдары - Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры, ботаника, генетика және өсімдік селекциясы кафедрасының меңгерушісі. 1991-1995 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті экология және топырақтану кафедрасының меңгерушісі. 1995-2000 жылдары Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы Экология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарған. 120-дан астам ғылыми еңбегі бар.
Медальдармен марапатталған.