Айгүл Қабдешқызы Нұркина 1966 жылы 21 ақпанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Университетті бітіргеннен кейін Павлодар қаласы Индустриялық аудандық атқару комитетінің әлеуметтік қамсыздандыру инспекторы, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты Павлодар филиалында директордың өндiрiстiк тәжірибе жөніндегі орынбасары, оқытушы болып жұмыс істеген.
2004-2006 жылдары – «Асар» Республикалық партиясы» РҚҰ Павлодар облыстық филиалының хатшысы.
2006-2012 жылдары - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2012 жылғы қантардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі.
«Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Айгүл Қабдешқызы Нұркина
Последние статьи автора