Аида Дәденқызы Құрманғалиева
Аида Дәденқызы Құрманғалиева 1970 жылы 30 желтоқсанда дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде экономист қызметінен бастады. 1997-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2002 жылы Австрияда, Вена қаласындағы Біріккен Вена Институтында (Joint Vienna Institute), 2008 жылы - Дьюк Университетінде (Duke University), Солтүстік Каролина, АҚШ; 2009 жылы - Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде (Lee Kuan Yew school of Public Policy), Сингапурде білім алды. 2002 - 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің әлеуметтік саланың шығыстарын жоспарлау және әлеуметтік саланы дамыту департаменттерінің директоры. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2009 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды. 2013 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2014 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы.
Қызметі үшін ҚР Президентінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР Премьер-Министрінің алғыс хатымен марапатталды. Экономика ғылымының кандидаты.