Әділхади Жұмабайұлы Шығамбаев 1968 жылы 2 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әль-Фараби атындағы Казақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша 1994 жылы бітірген.
Алматы қаласы Ауезов аудандық прокуратурасында стажер, аға тергеуші, Алматы қаласы ішкі істер органдарында қызмет етті, Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының судьясы, төрағасы, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.
Ә.Д. Шығамбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 350 Жарлығымен Атырау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметіне тағайындалған.
Әділхади Жұмабайұлы Шығамбаев
Последние статьи автора