Әділ Құрманжанұлы Ахметов
Әділ Құрманжанұлы Ахметов 1941 жылғы 23 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын бітірген. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі. Дипломаттық дәрежесі I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл.
Алматы шет тілдері педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, ағылшын тілі факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректоры, лексикология кафедрасының доценті, Халық депутаттары Алматы қалалық кеңесі атқару комитеті Сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің I санатты маманы, Алматы қалалық әкімшілігі басшылығы аппаратының бас маманы-Алматы қалалық әкімшілігінің Тусон қаласындағы (Аризона штаты, АҚШ) тұрақты өкілі, Халықаралық қатынастар және әлем тілдері Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Білім комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер бірінші вице-министрі, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшісі сондай-ақ Швеция Корольдігінде, Норвегия және Ирландия Корольдіктерінде осы міндеттерді қоса атқарды, Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры болып қызмет істеген. 2007-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы болды.
«Құрмет» орденімен, бес медальмен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы бар.