Әбсаттаров Раушанбек Боранбайұлы

Әбсаттаров Раушанбек Боранбайұлы 1940 жылы 8 cәуірде Ауғанстанда дүниеге келген. Философ-ғалым, философия ғылымының докторы (1990), профессор (1991). Киев мемлекеттік университетінің философия факультетін бітірген (1967). Еңбек жолын Қармақшы ауданының Ленин атындағы кеңшарында (қазіргі Тұрмағамбет ауылы) бастаған. 1959-1962 жылдары әскер қатарында қызмет етті. 1971-1988 жылдары ҚазМУ-де (ҚазҰУ) философия-экономика факультетінде аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 1988-1990 жылдары партия жұмысында болды. 1991 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының саяси әлеуметтану және философия кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының кеңесшісі, 1997 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ) саясаттану кафедрасының меңгерушісі. 2000-2002 жылдары осы университеттің тарих факультетінің деканы қызметін қоса атқарды. Ғылыми жұмысының бағыттары: ұлтаралық қатынас мәдениеті, этносаяси қауымдастық, ұлттық және жалпықазақстандық сана-сезім, келісім, ұлттық қарама-қайшылықтар мен оларды шешу жолдары, адам қызметінің әмбебаптануы, ықпалдасу үрдістері, халықтардың ойлау стилінің бірлігі мен айырмашылықтары, т.б. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2006). Сегіз тілде 30 монография, кітап, оқу құралы, кітапшалар және 500-ге жуық ғылыми мақала жазған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста