Әбіш Кекілбаев

Әбіш Кекілбаев

 Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Оңды ауылында туған. 1962 жылы Қазақ мемекеттік университетін бітірген. 1962-1965 жылдары «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1964-1968 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде репертуарлық-редакциялық коллегия мүшесі қызметтерінде болды. 1970-1975 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор, 1975-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, 1984-1986 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары, 1986-1988 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1988-1990 жылдары Қазақ КСР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесі президиумының төрағасы. 1990 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы ОК бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы (1991), «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы (1992–1993), ҚР Мемлекеттік кеңесшісі (1992–1993), ҚР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1994–1995), ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, комитет төрағасы (1996–1996) болып істеген. 1996–2002 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысы, 2002 жылдың ақпанынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды.
Алғашқы өлеңдер жинағы («Алтын шуақ») 1962 жылы жарық көрді. Содан бері проза, әдеби сын саласында елеулі еңбек етіп келеді. «Бір шөкім бұлт» (1966), «Дала балладалары» (1968), «Тырау-тырау тырналар» (1973), «Бір уыс топырақ» (1974), «Құс қанаты» (1975), «Баллада степей» (1975), «Баллада забытых лет» (1979), «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984), «Мартовский снег» (1985), «Плеяды – созвездие надежды» (1987), «Заманмен сұхбат» (1994), «Азаттықтың ақ таңы» (1998), т.б. әңгімелер мен повестері, эсселер мен романдары, әдеби-философиялық, публицистикалық жинақтары бар. Ол Л.Н.Толстой мен К.Гоцидың, Г.Мопассан мен Г.Ибсеннің, А.Чехов пен И.Буниннің бірқатар туындыларын қазақ тіліне аударған. 12 томдық шығармалар жинағы (А., «Өлке», 1999.) жарық көрді.
Немістің «Фольк унд Вельт» кітап баспасы жүргізген сауалнама хаттамасында оның есімі «XX ғасырдың таңдаулы жазушылары» тізіміне енгізілген. Кеңестік кезеңде Одақтық жазушылар алқасының, халықаралық «Лотос» жазушылар сыйлығы қазылар алқасының, орталық «Художественная литература», «Дружба народов» баспалары редакциялық алқаларының мүшесі болды, Азия-Африка жазушылары халықаралық комитетінің мүшелігіне сайланды. «Абылай хан» драмасы Қазақ драма театры сахнасында қойылды. «Дүние ғапыл», «Дала балладалары» (2 том, 2001) кітаптары жарық көрді. «Үркер», «Елең-Алаң» романдар циклі үшін 1986 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. «Құрмет Белгісі» мен «Отан» ордендерінің, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері (2003).
Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы (1992), Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1995).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста