Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов

Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов 1952 жылы 6 ақпанда Қарағанды облысының Тельман ауданы Майөзек кентінде туған.  Қарағанды тау-кен техникумының тау-кен факультетін (1971) техник-шахта салушы мамандығы бойынша; Қарағанды политехникалық институтының автожол факультетін (1981) инженер-механик мамандығы бойынша; Ресей басқару академиясының саясаттану факультетін (1992) саясаткер (әлеуметтік-саяси мәселелер және байланыс бойынша кеңесші) мамандығы бойынша бітірген.
1971 жылдан - РКФСР Кемеров облысы Шерегеш кенішінің 5-ші разрядтағы үңгілеуші. 1972 жылдын - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1974 жылдан - «Қарағандыкөмір» бірлестігі «Долинская» шахтасының тау-кен шебері. 1975 жылдан - №2 тау-кен кәсіби техникалық училищесінің шебері, аға шебері (Қарағанды қаласы). 1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы Киров аудандық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 1991 жылдан - Қарағанды облысы Мемлекеттік баға және монополияға қарсы саясат комитетінің төрағасы. 1996 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 1999 жылдың наурызынан - ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары. 1999 жылдың желтоқсанынан - ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі . 2001 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы. 2002 жылдың наурызынан - ҚР экономика және сауда вице-министрі. 2002 жылдың қыркүйегінен - ҚР индустрия және сауда вице-министрі 2003 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің төрағасы (2004 жылдан - Техникалық реттеу және метрологиякомитеті). 2005 жылдан - ҚР көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі. 2007 жылдың қазанынан ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хат шысы. 2009 жылдың наурызынан - ҚР көлік және коммуникациялар министрі. 2012 жылы – Қарағанды облысының әкімі. 2013 жылдан бері ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
ҚР Парламенті Сенаты 1-ші шақырылымының депутаты (өзін-өзі ұсынушы, 1995-1999). «Қазтеңізтасымалфлот» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2000-2001); «Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2002-2003); «Қазмырыш» ЛҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004).
«Құрмет» орденімен (2006); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004). «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен; КСРО көмір өнеркәсібі министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1985).
Жұбайы - Құсайынова Ғалия Қадыржанқызы (1958 жылы туған), дизайнер. Қызы - Қымбат (1982 жылы туған), заңгер Ұлы - Арман (1984 жылы туған), экономист.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста