Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов
Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов 1952 жылы 6 ақпанда Қарағанды облысының Тельман ауданы Майөзек кентінде туған. Қарағанды тау-кен техникумының тау-кен факультетін (1971) техник-шахта салушы мамандығы бойынша; Қарағанды политехникалық институтының автожол факультетін (1981) инженер-механик мамандығы бойынша; Ресей басқару академиясының саясаттану факультетін (1992) саясаткер (әлеуметтік-саяси мәселелер және байланыс бойынша кеңесші) мамандығы бойынша бітірген.
1971 жылдан - РКФСР Кемеров облысы Шерегеш кенішінің 5-ші разрядтағы үңгілеуші. 1972 жылдын - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1974 жылдан - «Қарағандыкөмір» бірлестігі «Долинская» шахтасының тау-кен шебері. 1975 жылдан - №2 тау-кен кәсіби техникалық училищесінің шебері, аға шебері (Қарағанды қаласы). 1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы Киров аудандық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 1991 жылдан - Қарағанды облысы Мемлекеттік баға және монополияға қарсы саясат комитетінің төрағасы. 1996 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 1999 жылдың наурызынан - ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары. 1999 жылдың желтоқсанынан - ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі . 2001 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы. 2002 жылдың наурызынан - ҚР экономика және сауда вице-министрі. 2002 жылдың қыркүйегінен - ҚР индустрия және сауда вице-министрі 2003 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің төрағасы (2004 жылдан - Техникалық реттеу және метрологиякомитеті). 2005 жылдан - ҚР көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі. 2007 жылдың қазанынан ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хат шысы. 2009 жылдың наурызынан - ҚР көлік және коммуникациялар министрі. 2012 жылы – Қарағанды облысының әкімі. 2013 жылдан бері ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
ҚР Парламенті Сенаты 1-ші шақырылымының депутаты (өзін-өзі ұсынушы, 1995-1999). «Қазтеңізтасымалфлот» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2000-2001); «Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2002-2003); «Қазмырыш» ЛҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2003-2004).
«Құрмет» орденімен (2006); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004). «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен; КСРО көмір өнеркәсібі министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1985).
Жұбайы - Құсайынова Ғалия Қадыржанқызы (1958 жылы туған), дизайнер. Қызы - Қымбат (1982 жылы туған), заңгер Ұлы - Арман (1984 жылы туған), экономист.