Абдрахманов Сауытбек

Абдрахманов Сауытбек 1951 жылы 7 қарашада дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туған. 1975 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген.
1975-1987 жж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі болды. 1987-1995 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы, мәдениет секторының меңгерушісі, ҚР Президенті және Министрлер Кабинеті аппараттарында Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 1995-1997 жж. Мәдениет министрінің бірінші орынбасары, 1997-2000 жж. «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының бірінші вицепрезиденті, 2000-2003 жж. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті, 2003-2004 жж. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрі болып қызмет атқарған. Қазір «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті.
«Біздің Пушкин», «Тәуелсіздік шежіресі», «Адамзат күнтізбесі», «Елдік сыны», «Вер бана ат», «Коран и Пушкин», «Төлтума мен телтума», «Перевод поэзии и поэзия перевода» кітаптарының, «Париж. ЮНЕСКО. Әуезов», «Қажылық», «Ертегілер еліндегі екі күн», «Мадридтегі мереке», «Мәңгілік мұрат», «Армысың, Астана!», «Биіктік» фильмдерінің авторы. 
Қырыққа жуық көркем фильмді қазақшалап, В.Солоухиннің, Д.Кабалевскийдің шығармаларын, арабтың Бейбарыс сұлтан туралы халықтық романын, В.Гюгоның «Аласталғандарын» (2ші кітап) аударған. «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты қос томдық қазақ поэзиясы антологиясының құрастырушы авторы. 
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Журналистика саласындағы Президент сыйлығының лауреаты. Б.Бұлқышев атындағы Жастар сыйлығының (1981), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (1982) лауреаты, «Жыл журналисі» (2006) атағын алған. Филология ғылымының докторы. «Парасат» орденінің иегері, Ресей сөз өнері академиясының «Ревнителю просвещения» медалімен, Украинаның «За працю і звитягу» («Ерлігі мен еңбегі үшін») медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста